Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері санына тоқталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Министр сөзіне сүйенсек, елімізде небәрі 237 ардагер қалған.
“Бүгін таңертең тізімге көз салдым. Елімізде 237 Ұлы Отан соғысы ардагері бар екен. Оларға 9 мамыр күні материалдық көмек көрсетілетін болады. Әкімдік мәліметі бойынша барлығына бірдей мөлшерде қаржылай сыйақы берілмек. Ол 1,5 миллион теңге”, — деді министр Мәжіліс кулуарында.