Четверг, 28 ноября, 2024

Танымал актриса Әсел Сәдуақасова тұрмысқа шықты

«Поток» жобасының негізін қалаушы Мағжан Тілеухан мен танымал әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова шаңырақ көтерді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

“Міне, осылай. 13.06.2023 — отбасы құрған күніміз”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова.

Өнер иесі мен блогер Мағжан Тілеухан АХАЖ бөлімінде заңды түрде және мұсылманша неке қидырды. Жас жұбайлар бақыттан бал-бұл жайнап неке жүзіктерімен алмасты.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, ақжарма тілектерін арнады.

“Бақытты болыңдар, “Құттықтаймын! Алла бір жастықта немере шөбере арасында қартаю жазсын”, “Бақыттарың баянды болсын,Әсел қыз”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Ақ орамал әдемі жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған