Отандық жас әнші Ayree Динараға Сәтжанға берген сұхбатында 18 жасында тұрмысқа шығып, 19 жасында ана болғанын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«32 апта болғанда ішім тас болып қатып қалған. Ішім қатып қалған, ауруханаға жеткенше, үстімнің барлығы қан болды. Осылайша, балам өмірге келді. Бірақ ол алғашында аппаратқа қосылып жатты. Кейін маған күтім қажет болғаннан кейін ата-анамның үйіне шықтым. Бірақ мен үнемі күйзелісте жүрдім. Кейін ұлым өсе бастағанда мойнын ұстай алмайтынын көрдік. Кейін барып тексерттік», — дейді Ayree.
Әнші атағандай, оның ұлына 9 айында церебралды сал ауруы диагнозы қойылған.
«Қазір Әлімхан 12 жаста. Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім. 9 айлығында балалардағы церебералды сал (ДЦП) деген диагноз қойылды. 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты. Жас анаға күйеуінің қолдауы ауадай қажет. Ажырасқаннан кейін өте көп уақыт депрессияда болдым. Ол күйзелісте 5 жыл болған шығармын», – дейді Ayree.