Скриптонит лақап атымен танымал Әділ Жәлеловтың «7» деген атпен жетінші толық метражды альбомнын жарыққа шығарды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Павлодар тумасының жаңа альбомына он алты трек кірді. Олардың ішінде 104-пен ALBLAK 52-мен бірлесіп істелген жұмыстары бар.
Өткен жылдың соңында Әділ жанкүйерлеріне жаңа альбомын таныстыратынын мәлімдеген болатын.
Жаңа альбом ол бұрынғыдан ерекшеленеді. Тректерде лирика да, аспаптық құралдар дыбысы және рэптің бұрын соңда менің орындауымда сіз естімеген жанрлары бар, — деді Скриптонит.