Бүгін Футбол үйінде спорт журналисі, комментатор Ермұхамед Мәулен ҚФФ президентінің кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлады ARDA-AKPARAT.
Ермұхамед Мәулен — әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі.
2013-2016 жылдары «Qazsport» арнасының редакторы қыметін атқарған.
2014 жылы Бразилияда өткен Әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.
2017-2018 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы «Хабар» агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы «QAZSPORT» телеарнасында арнайы жобалар редакторы, 2021 жылы ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды.