Среда, 27 ноября, 2024

Таразда бір отбасыны құтқарған азаматтар ТЖМ төс белгілерімен марапатталды

Мектеп қызметкерлерінің жедел әрі ұтымды әрекеттерінің нәтижесінде бір отбасы ажал тырнағынан аман қалды. Марапаттау Жамбыл облысы ТЖ департаментінде өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Төтенше жағдайдағы ерігі үшін» төсбелгісімен № 22 мектеп қызметкерлері — кәмелетке толмағандар по жөніндегі учаскелік инспектор полиция лейтенанты Ермеков Әлішер Қалмұратұлы, орта мектеп директоры Диханбаева Шолпан Имантайқызы, директордың орынбасарлары Есенаманова Аида Мұратқызы және Еселбаева Эльмира Әжібекқызы, дене шынықтыру мұғалімі Қуаныш Уәлиханұлы Исмаилов марапатталды. Азаматтық борышын орындағаны үшін Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының атынан азамат Штольц Александр Юрьевичке Алғыс хат берілді.

Облыстың бас құтқарушысы ҚР ТЖ министрі Юрий Ильиннің атынан және өз атынан марапатталғандарға қырағылық, сауатты іс-әрекеттері, өздерінің кәсіби міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы және азаматтық борышын орындағаны үшін алғыс білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 6 сәуірінде Таразда бір топ педагогтар, атап айтқанда мектептегі полиция инспекторы, ауаға тараған газдан улану жағдайына ұшыраған бүтін бір отбасы мүшелерін ажал тырнағынан арашалап қалған болатын. Кез-келген нәрсеге бей-жай қарамайтын, үлкен жауапкершілік танытқан ұжым осылайша бір отбасындағы бес адамды құтқарып қалды.

6 наурызда № 22 мектепте сабаққа қатысушы оқушыларды түгендеу кезінде екінші сынып оқушысы сабаққа қатыспағаны анықталды. Ал балалардың ата-анасы үстін-үстіне соғылған телефон қоңырауларына жауап бермеген. Баланың анасының жұмыс орнындағы әріптестерінен де олардың қызметкері жұмысқа шықпағаны туралы ақпарат түскен. іле-шала басқа мектепте оқитын екі апалы-сіңлілі қыздар да сабаққа келмегендігі анықталды.

Осы орайда, директор отбасының тұрғылықты жеріне бару туралы шұғыл шешім қабылдайды. Мектеп қызметкерлерінен құралған топ оқушының тұрғылықты мекен-жайына жедел жеткен. «есік қоңырауына да, есікті ұрған дыбысқа да ешкім жауап бермеген. Инспектор А. Ермаков, педагог К. Исмаилов және үйдің көршісі үйдің қоршауынан асып түскен. Алдыңғы есік құлыптаулы болған, бірақ олар табиғи газдың иісін сезген. Ал терезеден ішке үңілген олар баланың жатқанын байқаған. Уақыт оздырмай, ер кісілер пластикалық терезені бұзып, үйге кіреді. Осылайша олар барлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, ұтымды әрекет еткен. Яғни қауіпті болғандықтан, үйдегі жарықты да қоспаған. Газды да сөндірген. Іле-шала барлық зардап шеккендерді шұғыл түрде таза ауаға шығарған. Көршісі де ересектерді шығаруға көмектескен. Осы уақытта әйелдер жедел жәрдем, полиция, газ қызметін шақырып үлгерген. Ал жедел жәрдем қызметі оқиға орнына келіп жеткенше педагогтар тобы мен инспектор қол қусырып отырмай, зардап шегушілерге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсеткен. Кәмелетке толмағандардың ата — аналарын үйден көтеріп шығаруға көршілер көмектесті», — дейді мектеп директоры Шолпан Диханбаева.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған