Четверг, 28 ноября, 2024

Таразда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтіп жатыр

Әз-Наурыз мерекесіне орай Тараз қаласында тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатының ашылуы өтті. Чемпионатқа 17 облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 20 құрама команда келген, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бүгінгі күні чемпионаттың классика түрінен 350 ойыншы бақ сынауда десек, рапид және блиц түрлерінен тағы 50-ге жуық спортшы жарысқа түспек.

Шараның салтанатты ашылуында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының вице-президенті Батырбек Құлекеев, спорт басқармасының басшысы Арман Ташметов, тоғызқұмалақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Даулет Абдикаримов сөз сөйлеп, тоғызқұмалақ ойынының маңыздылығын атап өтті.

Чемпионаттың бас төрешісі ретінде жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Ербол Нұрханов қызмет етуде.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған