Среда, 27 ноября, 2024

Тарихы 100 жылдан асатын «Экспресс К» басылымы жабылатынын мәлімдеді

«Экспресс К» газетінің тілшілері республикалық басылымның жабылатынын хабарлады. Тарихы 1920 жылдан бастау алатын үнпарақ өз жұмысын аяқтайтынын exk.kz порталы жариялады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Қазақстандағы ең көне ақпараттық басылымдардың бірі миссиясын тәмамдады. «Экспресс К» редакциясы өз жұмысын тоқтатып, жабылып жатыр. Көңілсіз жайтқа қарамастан, портал ұжымы оқырмандарды басылымның басты белестерін ұмытпауға және жақсы достар ретінде қоштасуға шақырады», — делінген хабарламада.

«Эксперсс K» басылымы 103 жыл бойы халыққа ақпарат таратты. 1920 жылы газет «Юношеская правда» болып құрылып, кейін 1928 жылға дейін «Комсомолец» деген атпен шықты. Сондай-ақ басылым ұзақ жылдар бойы «Ленинская смена» деген атпен жарық көрді.

1980 жылдарға қарай басылымның күнделікті таралымы 300 000 данаға жетті. Редакция ұжымы лайықты құрмет пен беделге ие болды, оның еңбек сіңірген еңбегі жоғары бағаланды – 1973 жылы Ленсмена қоғамдық пайдалы қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.

1991 жылы жаһандық өзгерістерге байланысты «Ленинская смена» атауын «Экспресс К» деп өзгертті.

«Ленинская смена» басылымының жазылушыларына, «Экспресс К» газетінің жаңа нөмірлерін сатып алып оқыған баршаға, exk.kz порталының оқырмандарына шын жүректен алғыс айтамыз. Сенімдеріңіз бен қызығушылықтарыңызға, конструктивті сындарыңызға да рақмет. Біз әдемі нотада қоштасуымыз керек, бірақ біз: «Қош бол, көріскенше!» дейміз» – деп жазды редакция өкілдері.

Айта кету керек, «Казахстанская правда» газетінің мәліметінше, тәуелсіз Қазақстанның баспасөзі Қазақ КСР кезеңіндегі баспасөзден айтарлықтай ерекшеленеді.

1990 жылға дейін бар болғаны 10 республикалық газет-журнал шығарылды, олардың негізгісі»Казахстанская правда» орыс тілінде және «Социалистік Қазақстан» қазақ тілінде (қазіргі «Егемен Қазақстан») ақпарат таратты. 1991 жылдан кейін қазақ тілінде 82 басылым жарыққа шыққан.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған