Отандық актер Тәуекел Мүсілім жақында екінші рет әке атанған болатын. Ал күні кеше өнер иесі мен жұбайы Махаббат кенже ұлын қырқынан шығарды, деп жазады Arda-ақпарат.
Актердің бұл қуанышынан естелік суреттер мен видеоны Гүлнара Ерғалиева есімді Instagram қолданушысы көпшілікпен бөлісті.
«Бүгін Тәуекел Мүсілім мен Махаббаттың екінші ұлының қырқынан шығуы болды. Құттықтаймын, бауы берік болсын. Тәуекелдің қос қанаты Айтөре мен Әмірдің болашақта әкелері сияқты болғанын тілеймін», — деп жазды желі қолданушысы.
Бүгінгі таңда Тәуекел Мүсілім мен жұбайы Махаббат Айтөре және Әмір есімді екі ұлды тәрбиелеп отыр.