Биыл наурызда елордадағы Тәуелсіздік сарайына күрделі жөндеу басталады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Алдымен, серіктестік желіде тараған «Тәуелсіздік сарайы сүріледі» деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Алайда, техникалық тексеру ғимарат шатырының металл құрылымында ақаудың барын көрсетті. Осы орайда, жекелеген элементтер бойынша күрделі жөндеу жүргізіледі», — делінген ресми ақпаратта.
Хабарламада айтылғандай, жөндеу жұмыстары биыл наурызда басталады деп жоспарланған.
«Тәуелсіздік сарайына бұған дейін қайта және күрделі жөндеу жүргізілмеген», — деп көрсетілген хабарламада.