Елімізде 13-15 жастағы жасөспірімдер темекі мен вейпке құмар. Оқушылардың 10%-ы түрлі темекі өнімдеріне құмарлық танытады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлім етті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Министрлік ерекше мән беретін маңызды блоктың бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік пен темекі тарту мәселесі. «Салауатты ұлт» ұлттық жобасы аясында оқушылар арасында денсаулық сақтау бойынша зерттеу жүргізілді», — деді Вячеслав Дудник.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, 13-15 жастағы жасөспірімдер арасында темекі, вейпке құмарлық екі есе артады.
Біздің министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз білетіндей, Үкімет темекі өнімдеріне қатысты акциздер мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ, елімізде вейпке тыйым салу мәселесі де талқылануда, — дейді ол.