Пятница, 29 ноября, 2024

Теміртауда жүргізуші 4 адамды қағып кетті

Теміртауда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан төрт адамды қағып кетті. Бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Оқиға 31 желтоқсанда сағат 19:20-да болған. «ВАЗ 2114» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі Абай көшесімен Б. Момышұлы даңғылына қарай жүріп бара жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде төрт адамды қағып кеткен.

«Апат салдарынан 54 жастағы жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.

Факт полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар тағайындалды ,олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Қалған үш адам медициналық көмектен бас тартқан.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған