Теміртаулық киберпол қызметкерлері зейнеткерден қомақты ақша алған екі «курьерді» ұстады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
15 тамызда Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 73 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Жәбірленшінің айтуынша, оған белгісіз біреу полиция қызметкерімін деп хабарласып, оның қызы жол-көлік оқиғасына кінәлі екенін жеткізген. Тұтқаның арғы жағындағы адам 73 жастағы зейнеткерге қызын жауапкершілікке тартпау үшін ақша береу керектігін, ол ақшаны беру үшін ешқайда барып қажеті жоқтығын «курьер» келіп, әкететінін айтқан.
Арада уақыт өткенде жәбірленуші курьерге 2,3 миллион теңге, 4400 АҚШ долларын, 7 мың евро және 220 мың рубль ақшасын берген.
Теміртаулық киберпол қызметкерлері зейнеткерден қомақты ақша алған екі «курьерді» ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.