Понедельник, 25 ноября, 2024

Террористік ұйымға қатысы бар күдікті Ыстамбулдан депортацияланды

Халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы болуы мүмкін деп танылған күдікті 22 жасар қазақстандық азамат Ыстамбұлдан Алматыға айдауылмен депортацияланды.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Түркістан облысының тумасы 2020 жылы Сирияға кетіп, онда әрекеттегі қарулы топтардың біріне кірген. Күдіктіні ҰҚК түркиялық серіктестерімен бірлесу арқылы ұстады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің қолдауы нәтижесінде қолға түсіп, отанына қайтарылды.
Ұсталған азаматқа қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 257-бабына сәйкес террористік әрекетке қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
ҰҚК 2021 жылғы дерегі бойынша елімізден 800-ге тарта азамат Сирияға кеткен.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған