Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде тиімсіз жобалар бойынша 5,1 млрд теңгеге қаржыландыруға жол берілмеді.Мәселен, Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазартуға 5 млрд теңге қарастырылған болатын. Алайда, жобаның сапасыз жоспарлануына байланысты тазарту жұмыстарынан кейін қатты ағыс пен желдің әсерінен өзен арнасы қайта ластанып, толып қала беретіні ескерілмеген. ҚМА өңірлік департаментінің қызметкерлері қабылдаған шаралардан кейін әкімдік 3,7 млрд теңге көлемінде игерілмеген қаражатты басқа әлеуметтік мақсаттарға бағыттады.
Сондай-ақ Көкшетау қаласының Станционный кентінде 1,4 млрд теңгеге 160 орындық мәдениет үйін салу жоспарланған. Жобаның бастапқы құны 910 млн теңгені құраған, ал басқа елді мекендерде осыған ұқсас объектілердің құны айтарлықтай төмен болған. Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкімдігі шартты бұзу бойынша жұмыс жүргізуде. Үнемделген қаражат есебінен басқа да әлеуметтік маңызы бар жобалар қаржыландырылады.
ARDA-Aqparat