Среда, 27 ноября, 2024

Тимур Каленов Бәсекелестікті қорғау агенттігінің астаналық департаментіне басшы болды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығымен Тимур Каленов ведомствоның Астана қаласы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Тимур Әлібекұлы Каленов 1986 жылы дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы, сондай-ақ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында «құқықтану» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы бастаған.

2008 жылдан 2015 жылға дейін жеке және квази-мемлекеттік секторларда заңгер лауазымында және заң бөлімшелерінде басшы болып жұмыс істеді.

2015-2021 жылдар аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша бас маманынан бастап департамент басшысының орынбасарына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2021 жылғы сәуірден 2023 жылғы наурызға дейін – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Тергеу департаменті директорының орынбасары.

2023 жылғы 13 наурыздан бастап Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған