Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық күніне орай құттықтау тілегін жариялады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter желісінде.
Президент сондай-ақ Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайтынын жеткізді.