Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келді. Айта кетейік, мемлекет басшысының Ресейге сапары кеше аяқталды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективалары талқыланады», — делінген президент баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Еске сала кетейік, Тоқаевтың Ресейге бір күндік сапары кеше аяқталды. Мәскеуде Қазақстан басшысы Қазақстан мен Ресейдің XVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты, сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путинмен және елдің премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесу өткізді.