«Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы ауысты, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Президент жарлығымен бұл қызметке Ренат Бектұров тағайындалған.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ренат Нұрмолдаұлы Бектұров «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/76576/