Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал, осыған дейін бұл лауазымды атқарған Маржан Әкімжанова қызметінен босатылды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.