Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 4 шілде күні Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына бейнеконференция форматында қатысады», — делінген хабарламада.
Жиын қорытындысы бойынша Нью-Дели декларациясына және басқа да бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.