Мемлекет басшысының жарлығымен бірқатар мемлекеттік органның басшылары қайта тағайындалды, деп хабарлайды Arda-ақпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент жарлығымен:
Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Олжас Абайұлы Бектенов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындалды.
Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Сәкен Сайынұлы Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды.
Әсет Арманұлы Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Марат Талғатұлы Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.