ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және босату туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабынын 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5, 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 8) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4-тармағына сәйкес қаулы етемін», — делінген құжатта.
Мемлекет басшысы қаулысына сәйкес:
-
Смағұлов Айдар Әскербекұлы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды.
Судья қызметіне Астанада:
-
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Астана қаласы Алматы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Асан Болатұлы Бәкішев;
Батыс Қазақстан облысында:
-
Орал қаласының №2 сотының судья қызметіне – Есжанов Сабыржан Рысбекұлы осы облыстың Жанғала аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып тағайындалды.
Сондай-ақ:
-
Мерғалиев Асламбек Амангелдіұлы Ақтөбе облыстық сотының төрағалығынан басқа қызметке сайлануына байланысты босатылды.
-
Елемесов Қайырбек Құсайынұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы ретінде қала отырып Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы қызметінен босатылды.
-
Ли Жанна Михайловна өз тілегі бойынша Астана қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Жұмақсанов Елдос Шағанұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Абай облыстық сотының судльясы қызметінен босатылды.
-
Бақтығұлов Маханбет Сапарұлы орнынан түсуіне байланысты БҚО сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Нұржігітов Нұрбақыт Тұртайұлы орнынан түсуіне байланысты Жамбыл облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Исабекова Рыскүл Қазиқызы орнынан түсуіне байланысты Қарағандық облыстық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Лукьянов Александр Иванович орнынан түсуіне байланысты ШҚО сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Исабекова Раушан Қайырқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Астана қаласы Есіл аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Серікбаев Еркін Тәжіханұлы өз тілегі бойынша Ақмола облысы Шортанды аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Көшікбаев Мәди Жаубасарұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттың судьясы ретінде қала отырып, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Күреңбеков Олжас Қуатұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, судья ретінде қала отырып Алматы облысы Қонаев қалалық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
-
Құспанов Әділ Ишахатұлы орнынан түсуіне байланысты Атырау облысы Индер аудандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Тілеубеков Ерғазы Өтенұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, сот судьясы ретінде қала отырып Жамбыл облысы Байзақ аудандық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
-
Шегенов Ерлан Морякұлы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, сот судьясы ретінде қала отырып Қарағанды қаласы Октябрь ауданы №3 сотының төрағасы қызметінен босатылды.
-
Гавриченкова Татьяна Викторовна орнынан түсуіне байланысты Теміртау қалалық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Алдабергенов Марат Сисенбайұлы орнынан түсуіне байланысты Маңғыстау облысы Бейнеу адуандық сотының судьясы қызметінен босатылды.
-
Ақпар Анна Николаевна өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, соттың судьясы ретінде қала отырып ШҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатылды.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.