Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы жасалған қылмыстар тізбегін жан-жақты тексеруді тапсырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, президент құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды.
Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған бұл заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуға тиіс, — деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.