Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады.
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді, ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр», — делінген хабарламада..