Четверг, 28 ноября, 2024

«Тоқтату керек»: Тележүргізуші Дана Нұржігіт жасөспірімдер арасындағы әлімжеттікке қатысты пікір білдірді

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт жасөспірімдер арасында белең алған әлімжеттік мәселесін көтерді. Ол Instagram парақшасында әлімжеттіктің салдарымен емес, себебімен күресуге шақырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Мектеп жасындағы жасөспірімдер арасында бір-біріне қол көтеру, намысын жер қылу фактісі көбейді. Ұлдар бір-біріне әлімжеттік жасады деп жанұшырсақ, енді өрімдей қыздар одан сорақысын жасап жатыр. Жасөспірімдердің бірін-бірі ұрып, ар-ожданын таптап жатқанын видеоға түсіріп, бірден әлеуметтік желіге жүктеу және бопасалауы етек жайды.

Әлімжеттік әрекетке барған балалардың ата-анасын жазалап, бұл құбылысты тоқтата аламыз ба? Ертең есейгенде мұндай балалар қоғам үшін қауіпті болмайтынына кім кепіл? Желіде тарап кеткен жантүршігерлік видеоларды көрген есі дұрыс адам енжар қарап отыра алмайды.

Мұны тоқтату керек! Бұл жиіркенішті құбылыстың салдарын емес, түп себебін анықтап, тоқтату керек», — деп жазды Дана Нұржігіт.

Ал желі қолданушылары тележүргізушінің бұл жазбасына келісетінін айтып, пікір қалдырды.

«Дұрыс айтасыз», «Масқара жағдай», «Өте дұрыс», «Қатаң жаза қолдану керек», — деп жазды желідегілер.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған