Среда, 27 ноября, 2024

«Төртінші рет тізерлеп шығып бара жатырмын»: Ақтөбеде мүгедек тұрғын ХҚКО баспалдағына тізерлеп шығуға мәжбүр

Қос аяғынан айырылған Ақтөбелік тұрғын Тургенев көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығындағы лифт жұмыс істемей, соның кесірінен баспалдақпен тізерлеп көтерілуге мәжбүр болғанын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Төртінші рет осында тізерлеп шығып бара жатырмын. Бірінші рет жеке куәлігімді бір жыл бұрын ауыстырдым, екіншісі — карта ауыстырғанда. Содан кейін анықтама алуға тура келді. Олар үнемі сылтау айтады: лифт жұмыс істемейді. Себеп, сылтау табылады. Арбаны көтеруге мейірімді адамдар көмектеседі. Мен олардың не ойлайтынын білмеймін. Үндеу жасауды жөн көрдім, мүмкін газет арқылы оларға әсер ететін шығар. Мен жалғыз емеспін. Көбі осылай келіп, қайтады», — деп шағымыданды Ақтөбе қаласының тұрғыны Вячеслав.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы лифт жақын күндері жұмыс істейді деп уәде берді.

«Лифт 2018 жылы орнатылды, қызмет ету мерзімі бес жыл. Ақаулар болды, лифт бұзылып тұрды. Шынжырын ауыстырдық. Лифтке күрделі жөндеу қажет. Қазір оны жүргізіп жатырмыз. Алдағы күндері жұмыс істей бастайды», — деді филиалдың PR менеджері Асылгүл Айдарова.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған