Четверг, 28 ноября, 2024

Төтенше жағдайлар министрі Абай облысындағы өрт қашан оқшауланатынын айтты

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы орман өрті қашан оқшауланып, қай уақытта өшірілетінін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Жаңа министрдің сөзінше, жағдай бақылауға алынған, тұрақты. Дегенмен ауа температурасының жоғарылауы мен жел екпініне байланысты өрт тарауы да мүмкін.

Өртті оқшаулау үшін жеткілікті топ құрылды. Жеке құрамнан 1,5 мыңға жуық адам: өрт сөндірушілер, орман шаруашылығының, Қорғаны министрлігі мен Ішкі істер министрлігі қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар 300-ге жуық техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған, — деді министр.

Өрт шарпыған аумақ 43 мың гектарды құрайды.

Негізі 60 мыңнан асқан, дегенмен жек құрам жұмыс істеп жатыр, аумақ қысқартылды. Болжам бар, алдағы бірнеше күнде өртті оқшаулап, сөндіреміз, — деді ол.

Ведомстов басшысы өзге өңірлерден жеткен техника да жұмылдырылғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар қою түтінге байланысты екі ауыл тұрғындары эвакуацияланған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған