ТЖМ департаментінің және комитетінің басшылары төрт млн теңгеге дейін пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
24 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сот оларға қатысты қандай бұлтартпау шарасына санкция бергенін айтты.
«Биыл 21 шілдеде Астана қаласының ауданаралық тергеу соты ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Антикор сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.
«Басқа да сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасауға қатысқаны тексеріледі. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді», – делінген агенттіктің хабарламасында.