Бүгін түнде туберкулезге қарсы күресті қолдау мақсатында «Бәйтерек» монументі қызыл түспен жарықтандырылады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні. Қаламыздың туберкулезге қарсы күреске деген ерік-жігері, саяси ұстанымы бар екендігінің көрінісі ретінде бүгін кеште елордамыздың символы қызыл түспен жарықтандырылады. Бұл бастамаға қосылу арқылы әлемнің басқа қалаларындағы әйгілі көрікті жерлер де қызыл түспен ерекшеленеді», — деді Анна Цепке РҚО-да өткен брифингте.
Фтизиопульмонология орталығының басшысы биыл 2018 жылдың 26 қыркүйегінде БҰҰ-ның туберкулезге қатысты жоғары деңгейдегі бірінші отырысы өткеніне биыл 5 жыл толатынын, оның барысында туберкулездің эпидемия ретіндегі жағдайы өз деңгейінде талқыланғанын еске салды. Мемлекет басшыларының кездесуі мен туберкулез індетін тоқтату үшін дүние жүзіндегі әрбір халықта жалпы қабылдануы қажет шаралар белгіленді.
«Қорытынды құжат БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер қол қойған саяси декларация болды. Онда тұрақты даму мақсаттары аясындағы қолданыстағы міндеттемелер расталды. 2030 жылға қарай туберкулезді індет ретінде жою үшін мемлекет қол жеткізуі тиіс міндеттер айқындалды. Бұл өте маңызды оқиға әлемде туберкулез мәселесіне саяси жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетеді», — деп қосты Анна Цепке.