Вторник, 26 ноября, 2024

Тұңғышбай Жаманқұлов: 15 күндей жындыханада жаттым

Танымал театр және кино актері Тұңғышбай Жаманқұлов жындыханада өткен күндерін еске алды. Өнер иесі Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында күйзелістің соңында жүйке ауруын емдейтін бөлімге түскенін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Біз де ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Жасырғаным болса, «өзіңе де сол керек» дейтін едім. Ал жала жабылғанда «не жаздым» деп қапаландым. Қатты ауырдым, қиналдым, ауруханаға түстім. Дәрігерлер менің күйзелгенімді көріп, терапиядан жүйке ауруын емдейтін бөлімге ауыстырды.

15 күндей жындыханада жаттым. Мені емделіп жатқан кезде де тергеді. Маған қысым көрсетіп, көп нәрсені мойындатпақ болды», – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған