Четверг, 28 ноября, 2024

Туристер Қайыңдыдағы ақылы дәретхананың жағдайына шағымданды

Қайыңды көліндегі дәретхананың жағдайын көрсетіп, шағымданған туристердің видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлады ARDA-AKPARAT..

Олардың айтуынша, 100 теңге ақылы дәретхананың іші сын көтермейді. Оның жағдайына бас ауыратып жатқан да ешкім жоқ.

Бұл видеоға қатысты ұлттық парктің баспасөз қызметі пікір білдірді.

«Көлсай-көлдері» ұлттық паркінің аумағында видеоматериалда көрсетілген факт тіркелгені рас.
Аталмыш жағдай туристер ағымының көп болуына орай орын алды. Қазіргі уақытта парк қызметкерлерімен дәретхананың тазалық жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ туристерді, қала тұрғындары мен қонақтарды тазалыққа шақырамыз», — деп жауап берді «Көлсай-көлдері» ұлттық паркінің баспасөз қызметі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған