Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісім түркі мемлекеттерінің экономикасы үшін қолайлы қаржылық жағдай жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ақпаратқа сәйкес, инвестициялық қор аймақішілік сауданы кеңейту және ТМҰ елдерінің экономикалық қызметін қолдау арқылы экономиканы дамытуды көздейді.
«Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдірудің басым бағыттары құрылып отырған Қордың келісім жобасына енгізілген. Бұл аймақішілік сауданы дамыту, ШОБ (шағын және орта бизнес) жобаларын қаржыландыру, көліктік-логистикалық тізбектерді кеңейту, өнеркәсіптік өндіріс, инфрақұрылым, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасыл экономика, туризм және т.б. дамыту», — делінген хабарламада.