Понедельник, 25 ноября, 2024

Түркістан облысында 17 жыл құлдықта болған қыздардың ағасы мен жеңгесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында ағасы 17 жыл бойы құлдықта болған қыздар қазір Алматыда. Олардың ағасы мен жеңгесінің үстінен іс қозғалған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мұны журналист Руслан Өтепбай Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Журналистің айтуынша, Назгүл мен Құндыз үш аптадан бері кешенді ем қабылдауда.

«Апалы-сіңлі ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалауға күтуші жалдадық. Қыздар үш ай бойы Алматы қаласында ем қабылдайды», – деп жазды ол.

Руслан Өтепбай қыздарды құлдықта ұстаған ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқыс жағдайда қайтыс болған інілерінің өлімі қалай орын алғанын анықтау үшін тілшілер дәлелдер жинауда» , – деді журналист.

Айта кетейік, Түркістан облысы Отырар ауданы Ескі Шілік ауылында апалы-сіңлілі қыздарды туған ағалары 17 жылдан бері құлдықта ұстап отырғаны туралы ақпарат тараған еді. Қыздардың ағасы Сәулебек Әбілдаев оларды еңбек құлдығына пайдаланған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған