Түркістан облысының клиникалық ауруханасында алғаш рет бүйрек алмастыру операциясы жасала бастады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бүгінге дейін 5 науқасқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті аяқталды. Білікті дәрігерлер мұндай отаға 7-8 жыл көлемінде дайындалғанын айтады. Әрі алыс жақын шетелдерде тәжірибе алмасқан. Сондай-ақ, мамандарға А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы қолғабыс еткен. Қазір өңірде 400-ге жуық адам гемодиализ қаблдайтын болса, соның 160-қа жуығы бүйрек алмастыруды қажет етеді. Дәрігерлер алдағы уақытта облыстық ауруханада бауыр алмастыру операцияларын жасамақ.
Жанболат Бердібайұлы, хирург-трансплантолог:
Екі науқасымыздың да жағдайы қазір жақсы. Гемодиализ сеанстарын қабылдап жатқан жоқ. Ол дегеніміз салынған бүйрек өзінің қызметін атқарып, зәр шығарып, организміндегі улы заттардың барлығын салынған бүйрек шығарып беріп жатыр.