Четверг, 28 ноября, 2024

Түркістан облысында мал базарында қалта ұрысын адамдар жабылып соққыға жықты

Түркістан облысының Сайрам ауданында бірнеше адамға қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Олар топ болып бір адамды соққының астына алған. Telegram-каналдарда аталған оқиғаның видеосы тарады. Куәгерлердің сөзінше, соққыға жығылған ер азамат қалта ұрысы болып шыққан. Ұрлық үстінде ұсталған оны сол маңдағы адамдар жабылып ұрып, жазаламақ болған.

«Оқиға орнына сол маңға жақын жүрген полицейлер жіберілді. Олар бір адамға жабылған бірнеше ер адамды ұстады. Бәрі де полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сұралып жатыр», – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұрлық жасады деген адамның үстінен полицияға ешкім арыз түсірмеген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған