Түркістан облысында 26 қазан күні сағат 01:00-ден 07:00-ге дейін қатты жаңбыр жауды. Екі жасар бала қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазығұрт ауылындағы үйдің ауласында 2020 жылы туған бала қайтыс болды. Үлкендердің қарауынсыз қалған ол жаңбыр суы толтырылған шұңқырға құлап, батып кеткен.
Сонымен қатар басқарма жеке тұрғын үйді, 21 ауланы су басқаны туралы хабарлады. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш өңірлерінде 13 бас ұсақ мал өлген. Қазір суды сору жұмысы жүргізіліп жатыр. Жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.
Су басқан жағдайда не істеу керек?