Түркістан облысында жалған құжатпен қызмет атқарған мұғалімдердің ісін полиция тексереді. Бұл туралы Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Түркістан облысында жалған құжатпен жұмыс істеген қызметкерлердің нақты саны белгісіз. Әзірге күмәнді факторлар анықталып, толық тексерілуде. Тергеп-тексеру жүргізу үшін облыстық полиция департаментіне ресми хат жолданған. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын мәлімдейміз» — делінген басқарма тарапынан берілген жауапта.