Среда, 27 ноября, 2024

Түркістан облысының прокуроры жұмыс орнында көз жұмды

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов өмірден озды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне растады.

Марат Тілеуқабылұлы 2020 жылдың ақпанында Бас прокурордың бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалған еді.

Марат Әлиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған.

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған.

Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Бас прокуратураның басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында қызмет етті.

Бас көлік прокуроры Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған