Вторник, 26 ноября, 2024

Түркістанда жүрек, ми және аяқ-қол тамырларына күрделі ота жасауға мүмкіндік туды

Түркістанда жүрек, ми және аяқ-қол тамырларына күрделі ота жасауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Түркістан қалалық орталық ауруханасында жылжымалы ангиографиялық жүйесі орнатылған ота залы ашылды.

«Бүгін Түркістан қаласындағы орталық ауруханаға заманауи жылжымалы ангиографиялық жүйе орнатылды. Бұдан бұрын мұндай аппарат Сайрам және Сарыағаш аудандық ауруханаларына да қойылған болатын. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Мұның бәрі халық үшін жасалып жатқан жұмыстар. Мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай құрал-жабдықтар медициналық мекемелерге қойылып жатыр. Бұл жүйе жүрек, ми және аяқ-қол тамырларына күрделі ота жүргізуге мүмкіндік береді», — деді шараға қатысқан Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған