Вторник, 26 ноября, 2024

Түркістандық батыр ана 11-ші перзентін дүниеге әкелді

20 қыркүйек күні №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы келіншек 11-ші баласын босанды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Медицина мамандарының сөзіне сүйенсек, сарыағаштық Айнагүл бұл жолы да отасыз, табиғи жолмен босанған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында.

Бұған дейін Айнагүлдің отбасында 5 ұл, 5 қыз болды. Енді олардың қатарына Мұстафа есімді ұл қосылды. Балалардың үлкені – 21 жаста.

Жаняұның отағасы – Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам қызметін атқарады. Ал өзі үйде бала күтімімен отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған