Среда, 27 ноября, 2024

Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адамды ұстады

Түркістандық полицейлер алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бар күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Cyberpol» арнайы тобының қызметкерлері күдіктіні Шымкент қаласынан ұстады.

Қызылордалықтың Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Шығын көлемі — 6 млн теңге. Белгілі болғандай, ер адам дүкендер мен дәріханаларға кіріп, сатушылардың сеніміне кіріп, түрлі тауарларды жымқырып келген. Яғни, алаяқ көлігінен ақша алып келіп төлеймін деген сылтаумен тауарларды тиеген бойы оқиға орнынан ізін суытқан. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған