Түркиялық әлемге әйгілі аспаз Бурак Өздемир Түркістанға турист ретінде келді. Ол Керуен сарай мен қаланың басты көрікті жері – Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат кетті. Серуен барысында түрік аспазшысы Түркістан облысының әкімімен кездесіп, қалада жеке мейрамхана ашуды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Сондай-ақ Бурак Оздемир ұлттық тағамдарға ризашылығын білдірді. Облыс әкімі шетелдік қонаққа қазақ шапаны мен «тайқазан» кәдесыйын тарту етті.
«Ол Түркістанға келді, бұл туралы әлеуметтік желілерден білдік. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кешкісін Түркістанды аралады. Жүріп келе жатып, кездейсоқ Бурак Өздемирді кездестірді. Бас аспаз әкіммен сөйлесіп, жоспарларымен бөлісті. Әкім оны қонаққа шақырып, бастамаларына қолдау көрсететінін айтты», — деді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бурак Оздемир 2016 жылы Instagram желісінде белсенді болып, таныла бастады. Оның Түркиядағы мейрамханасында жұлдызды қонақтар да болды. Олар америкалық хип-хоп әншісі Игги Азалия, ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов, бразилиялық футболшы Роналдиньо және тағы басқа.
Қазір аспасшының Instagram-да 53 миллионнан астам жазылушысы бар.
Бурак Өздемир Түркістаннан кейін Ташкентке барды. Өзбекстанда түрік аспазшысы палау таратып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.