Түркияға саяхаттап барған қазақстандық отбасы жол апатына ұшырап, запдап шекті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«3 қыркүйекте Аланияда жол-көлік оқиғасы болып, қазақстандық отбасы зардап шекті. Жол апатынан оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қайтыс болды. Отағасы (1986 жылы туған) ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығына аса қауіп төнбеген», — делінген СІМ хабарламасында.
Ақпаратта айтылғандай, қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.
«Аталған отбасыға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек еді», — дейді ведомстводан.
Бұған дейін Түркияда Қазақстан азаматшасы мен оның екі жасар сәбиі көз жұмғанын хабарлаған едік.