Среда, 27 ноября, 2024

Түркияға барған құтқарушыларға сыйақы төленеді

Түркияның зілзала болған аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан қазақстандық мамандарға арнайы сыйақы беріле ме? Бұл сұраққа Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев жауап берді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Түркияға барған құтқарушылардың бәріне ведомство бюджетінен сыйақы төленеді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркияға барған құтқарушылардың бәрі марапатталатынын айтқанын білесіздер. Бүгінгі таңда Төтенше жағдай министрлігі құтқару операциясына құтқарушылардың тізімі мен бүкіл құжаттарын Президент Әкімшілігіне жолдады. Ал ақшалай сыйақы бөлуді министрлік өз бюджетінен қарастырады. Бәріне төленеді, — деп жауап берді вице-министр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған