Баспасөз конференциясы барысында елші Қазақстаннан жіберілген қазақтың дәстүрлі 100 киіз үйі 11 провинцияға беріліп, қазір орнатылғанын жеткізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Түркия тарапынан оңай жиналып, орнатылатын үйге сұраныс болғандықтан Алматы қаласынан осы аптада тағы 100 киіз үй жіберілетін болды, деді елші.
7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында болғанын еске саламыз. Қазір Түркияның зілзаладан зардап шеккен 11 провинциясында қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Соңғы деректер бойынша, Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты