Среда, 27 ноября, 2024

Түрмедегі Серік Күдебаевтың суреті елдің талқысына түсті

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың түрмеде түскен суреті жарияланды. Ол сотталған өзге адамдармен дастархан басында отыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Түрмедегі Күдебаевтың фотосы желідегі парақшалардың бірінде пайда болды. Бұл суретке қатысты пікір білдірген Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы және бейнебақылау камерасының обьективін жауып қою фактісі бойынша қызметтік тергеу басталған.

ІІМ бұйырығымен бекітілген (Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы №819 бұйрығы) ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, қылымыстық атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтіп жатқандар жақындарымен кездескенде немесе сәлемдеме түрінде тағамдар алуға қақылы. Сондай-ақ олардың бос уақытында жасақ үшін арнайын бөлінген бөлмеде тамақтануына құқығы бар, — делінген ақпаратта.

Бұл талап қылымыстық атқару жүйесі мекемелерінің барлық түріне қатысты. Алдын ала мәлімет бойынша Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған.

Тексеру барысында тыйым салынған (алкогольді сусындар) өнімдер табылмаған. Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы, сонымен қатар бейнебақылау камерасының обьективін жауып қою фактісі бойынша қызметтік тергеу басталды, — делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, Талдықорған қалалық сотының үкімімен С.М. Күдебаев «қаңтар оқиғалары» кезеңінде ауыр зардаптарға (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) және азаптауларға (146-бабы 2-бөлігі) әкеп соққан билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталған болатын.

Ол орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған