Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері «дабыл шабаданын» жинау бойынша бейнежадынама дайындады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Дабыл чемоданы бұл — құтқарушылар келгенге дейін немесе жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т. б. төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз эвакуацияланғанға дейін экстремалды жағдайларда аман қалуға арналған заттардың базалық жиынтығы», — делінген ҚР ТЖМ таратөан хабарламада.
Құтқарушылар рюкзакқа, шағын сөмкеге немесе шабаданға: ақша; құжаттама; алғашқы көмек жинағы; су; консервіленген тамақ; жоғары калориялы тағам; жеке гигиена құралдары; жылы киімдер; плед; радио; батареямен жұмыс істейтін фонарь; сіріңке; ысқырғыш сияқты заттар салып қоюды үсынады.