Қазақстан блогер Ерік Жанділдә лудоманның миллиондаған долларлық қарыздары көрсетілген банктік қосымшасын түсірді. Блогер бұл шоттың иесі құмар ойынның кесірінен 90 миллион теңгеден қағылғанын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Блогер құмар ойынға салынған адамның оқиғасын айтып берді. Оның айтуынша, ақшаны бәске тігу ең жаман нәрсе және одан ақша жеңу мүмкін емес.
“Оның қанша жұмсайтынын қараңыз, күніне 200 мың, 100 мың, 90 мың салып отырған. Бұл лудоманның екі бизнесі бар еді. Алайда барлық кірісін ойынға тіккен. Нәтижесінде үйінен, екі бизнесінен айырылды”, – деді Жанділдә.