Четверг, 28 ноября, 2024

Ұйымдасқан қылмыстық топ жалған құжат жасап, мемлекетке 1 миллиард теңге залал келтірген

ҚМА елордалық департаменті жұмысты, қызмет көрсетуді және жүктерді жөнелтуді нақты орындамай, жалған шот-фактураларды жазып беру дерегі бойынша бір топ тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«2021 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызға дейін бір топ тұлғалар мүліктік пайда алу мақсатында нақты қызметтер көрсетпей, жұмыстарды орындамай және тауарларды жөнелтпестен, бақылаудағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан шот-фактуралар беру бойынша іс-әрекеттерді жасауға жәрдемдесті. Олар өз әрекеттерімен мемлекетке өтелмеген 1 миллиард теңгеден аса салық сомасында аса ірі көлемде зиян келтірген», — делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, 3,5 жылдан 4,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған